27.04.2026 ж 5-сыныпта өткізілген тәрбие сағатында 1-мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні тақырыбы айтылды.Бұл мереке еліміздегі түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің татулығы мен достығын, ынтымағы мен бірлігін дәріптейтін маңызды күн екенін. Қазақстан – көпұлтты мемлекет, онда 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келетіні туралы мәлімет айтылды. Бұл мереке 1996 жылдан бастап ресми түрде атап өтіледі. 1 Мамыр күні еліміздің барлық өңірлерінде мерекелік концерттер, көрмелер, достық фестивальдері және түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылатыны белгілі. Қазақстан халқының бірлігі күні – бейбітшілік пен келісімнің, өзара сыйластық пен құрметтің символы. Бұл күн әр азаматты Отанды сүюге, ел бірлігін сақтауға және достықты нығайтуға деген ынтасын өзге ұлтқа деген сыйластығын арттырады. Сынып жетекшісі: Тынысбекова Ж.

28.04.2026
Просмотров: 158


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу