27.04.2026 жылы 3-сынып оқушыларымен «Біз әртүрліміз, бірақ теңбіз» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының негізгі мақсаты – оқушыларға адамдар арасындағы теңдік, өзара құрмет, достық пен татулық ұғымдарын түсіндіру, әр адамның ерекшелігін сыйлауға тәрбиелеу. Сабақ барысында оқушылармен әртүрлі тапсырмалар мен ойындар ұйымдастырылды. Оқушылар «әртүрлілік» ұғымы туралы өз ойларын айтып, пікір алмасты. Сонымен қатар, түрлі жағдаяттар арқылы бір-бірін түсіну, көмектесу, сыйлау сияқты қасиеттердің маңызы түсіндірілді. Сынып жетекшісі:Байдаулетова Р.Е.