09.04.2026ж 5-сынып Адал азамат тәрбиелеудегі жауапты ата-ана, қолдаушы ұстаз және қауіпсіз мектеп тақырыбында ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналыс барысында ата-анамен тәрбиесі, тәртібі, сабаққа деген ынтасы және болашағы жайлы айтылды, ата-аналармен түрлі ойын ойнатылды, психологиялық өз балаңызды тану атты сұрақ жауап қа жауап берілді.Қорытындылай келе, «Адал азамат тәрбиелеудегі жауапты ата-ана, қолдаушы ұстаз және қауіпсіз мектеп» тақырыбындағы жиналыс барысында бала тәрбиесі – баршамызға ортақ жауапкершілік екені атап өтілді. Ата-ана мен ұстаздың өзара тығыз байланысы, түсіністігі және бірлесе әрекет етуі – оқушының дұрыс қалыптасуына негіз болатыны анықталды. Сондай-ақ, мектептің қауіпсіз әрі қолайлы орта болуы – баланың өзін еркін сезінуіне, білімге деген қызығушылығының артуына ықпал ететіні айтылды. Әрбір балаға мейіріммен қарап, оның пікірін құрметтеу, қолдау көрсету – басты міндеттердің бірі екені ескертілді. Алдағы уақытта ата-ана, ұстаз және мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту, тәрбие жұмысын жүйелі түрде жалғастыру, қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында нақты жұмыстар жүргізу қажеттігі белгіленді. Сынып жетекшісі: Тынысбекова Ж. #адал_азамат