5-сынып оқушыларымен 7-сәуір Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне арналған тәрбие сағаты өтілді.Тәрбие сағатында басты денсаулық сақтау үшін не істеу керек әр оқушы өз жеке пікірін айта отырып пікір алмастық. Бүгінгі тәрбие сағатында біз денсаулықтың адам өміріндегі ең басты байлық екенін түсіндік. Денсаулықты сақтау үшін дұрыс тамақтану, жеке бас гигиенасын сақтау, спортпен айналысу және зиянды әдеттерден аулақ болу қажет. Әр адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қараса, болашағы да жарқын болады. Есімізде болсын: Денсаулық – біздің қолымызда! деген ұранмен сабақты қорытындыладық. Сынып жетекшісі: Тынысбекова Ж.Ө. #адал_азамат