Өнідіріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушыларына арналған «Өмірге салауатты қадам» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сабақ барысында оқушылар салауатты өмір салтының маңыздылығы, дұрыс әдеттер мен болашаққа жауапкершілік туралы ой бөлісті. Сонымен қатар «Заманауи көлік – жоғары қауіптілік аймағы» тақырыбы бойынша қауіпсіздік сабағы қозғалып, жол қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді. Осындай тәрбие сағаттары оқушылардың өмірге деген саналы көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді. Сынып жетекшісі: Жапаров А.Қ. #адал_азамат