Құрметті болашақ 1-сынып оқушыларының ата-аналары! 2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау туралы маңызды ақпаратпен танысыңыздар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2026 жылғы 30 наурыздағы № 2-20-6/2297-И хатына сәйкес, биыл 1-сыныпқа өтініш беру мерзімдеріне өзгерістер енгізілді. --- ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ: Ақмола облысы бойынша 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 10 маусым мен 31 тамыз аралығында жүргізіледі. Осы кезеңде ата-аналар (заңды өкілдер) белгіленген тәртіп бойынша өтініш бере алады. --- Өтініш беру тәсілі: Өтініш «электрондық үкімет» порталы арқылы қабылданады: egov.kz --- Портал арқылы өтініш беру үшін қажет құжаттар: Ата-аналардың немесе заңды өкілдердің өтініші; Баланың 3×4 см сандық фотосуреті; № 052-2/у нысаны бойынша баланың денсаулық паспорты (2025 жылдан бастап бұл құжат eGov порталында электронды форматта қолжетімді); № 065/у нысаны бойынша профилактикалық екпелер картасы; ПМПК қорытындысы (қажет болған жағдайда). --- Маңызды: 1-сыныпқа қабылдау туралы өтініш 1 жұмыс күні ішінде қаралады. Қабылдаудан бас тарту себептері: – сыныптардың толып кетуі; – құжаттардың толық ұсынылмауы немесе деректердің дұрыс болмауы. Құрметті ата-аналар! Құжаттарды белгіленген мерзімде тапсыруларыңызды сұраймыз.

31.03.2026
Просмотров: 1453


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу