«Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік іс-шара бастауыш сынып оқушылары арасында өткізілді. Бұл шараның негізгі мақсаты – оқушыларға Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің мән-маңызын түсіндіру, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу және оқушыларды бірлікке, татулыққа, үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу. Іс-шара барысында оқушылар Наурыз туралы тақпақтар айтып, ән шырқайды, ұлттық билер билейді. Сонымен қатар қазақ халқының ұлттық ойындары ойнатылды. Оқушылар белсенді қатысып, өз өнерлерін ортаға салады. Мерекелік кеш соңында барша қатысушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, Наурыз мейрамының шаттыққа толы атмосферасын сезінеді. Бастауыш сынып мұғалімдері: Байдаулетова Айгуль Байдаулетова Раушан Жексембі Күлбағыдат Иманжүсүп Ботагөз #наурызнама2026