НАУРЫЗНАМА ОНКҮНДІГІ Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылатын Наурызнама онкүндігі 14 наурыз - 23 наурыз аралығында атап өтіледі Бұл күндері ұлттық дәстүрлеріміз дәріптеліп, балаларға халқымыздың салт-дәстүрлері мен құндылықтары таныстырылады. Әр күн ерекше мазмұнға толы іс-шаралармен өтеді және әлеуметтік желіге жарияланған жұмыстар #наурызнама2026 хэштегімен белгіленеді. Наурызнама онкүндігі жоспары: 14 наурыз – Көрісу күні 15 наурыз – Қайырымдылық күні 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні 17 наурыз – Шаңырақ күні 18 наурыз – Ұлттық киім күні 19 наурыз – Жаңару күні 20 наурыз – Ұлттық спорт күні 21 наурыз – Ынтымақ күні 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы 23 наурыз – Тазару күні Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Наурыз мейрамын бірге қарсы алайық!

14.03.2026
Просмотров: 44


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу