Наурызнама онкүндігі аясындағы “Қайырымдылық күніне” орай ардагер ұстазбен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге көп жыл білім саласында еңбек еткен ардагер ұстаз Нарбай Бөгенбай Ертайұлының шаңырағына бардық.Іс-шара барысында ұстаз өзінің еңбек жолы, ұстаздық қызметтің қиындығы мен қызығы, оқушыларға білім мен тәрбие берудегі тәжірибесі туралы әсерлі әңгіме айтып берді. Оқушылар ардагер ұстазға сұрақтар қойып, еркін пікір алмасты. Сонымен қатар, оқушылар өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, ардагер ұстазға алғыстарын айтты. Кездесу барысында ұстаздық мамандықтың қадір-қасиеті, білімнің маңызы және адамгершілік құндылықтар туралы тағылымды ойлар айтылды. Іс-шара соңында оқушылар ардагер ұстазға құрмет көрсетіп, ізгі тілектерін білдірді. ДТІЖО: Холганат Д. #наурызнама2026

14.03.2026
Просмотров: 49


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу