Мектеп мұғалімдеріне арналған «AI құралдарын тиімді пайдалану» тақырыбында практикалық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты – білім беру үдерісінде жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану жолдарын көрсету, мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін арттыру және оқу сапасын жақсартуға бағытталған заманауи әдістермен таныстыру. Сабақтың негізгі мақсаты: • Жасанды интеллект ұғымын және оның білім беру саласындағы рөлін түсіндіру; • AI құралдарының мүмкіндіктерін практика жүзінде көрсету; • Сабақ жоспарын әзірлеуде, тапсырма құрастыруда және бағалауда AI-ды қолдану тәсілдерін үйрету; • Мұғалімдердің креативті және сыни ойлау дағдыларын дамыту. ЖИ жетекші: Қалдыбек Айсана