Бүгін мектебімізде қазақ педагогикасы мен психологиясының дамуына үлес қосқан ғалым, профессор Шәрапи Есмұханұлы Әлжанов туралы танымдық сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылар ғалымның өмір жолымен, ғылыми еңбектерімен және педагогикалық-психологиялық идеяларымен танысты. Әсіресе, оқыту процесінде баланың жас ерекшелігін ескеру, білім берудің тұлға қалыптастырудағы маңызы туралы ойлар кеңінен талқыланды. Оқушылар белсенді қатысып, өз пікірлерін білдіріп, сұрақтарға жауап берді. Сабақтың басты мақсаты – жас ұрпаққа ұлттық ғылым өкілдерінің еңбегін таныстыру және олардың мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу. #тәрбие #педагогика #ұлттықғылым #мектепөмірі