Балабақшада балалардың өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында «Өрт қауіпсіздігі» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілді. Іс-шара барысында балаларға оттың пайдасы мен зияны туралы түсінік берілді. Өрттің шығу себептері, өрт кезінде өзін-өзі ұстау ережелері түсіндірілді. Балаларға 101 нөміріне қоңырау шалу керектігі, үлкендерді көмекке шақыру, түтін кезінде еңкейіп жүру сияқты қауіпсіздік шаралары таныстырылды. Сабақ барысында дидактикалық ойындар, суреттермен жұмыс, жағдаяттық тапсырмалар қолданылды. Балалар белсенді қатысып, қойылған сұрақтарға жауап берді. "Балақай шағын орталығы" тәрбиешісі: Мауленова Г.С.