«Конституциялық реформа және педагогтердің құқықтық сауаттылығы» тақырыбында конституциялық құқық саласының сарапшыларымен сұрақ–жауап форматында математика пәні мұғалімі Келденбек Досбол мұғалімдермен жиын өткізді.Аталған іс-шара білім беру қызметкерлерінің құқықтық мәдениетін арттыруға және кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталды. Кездесу барысында қатысушыларға конституциялық заңнамадағы негізгі өзгерістер түсіндірілді, реформалардың білім беру жүйесіне әсері, педагогтердің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ олардың еңбек және азаматтық құқықтарын қорғау тетіктері талқыланды. Сұрақ–жауап форматы сарапшылардан тәжірибелік ұсыныстар алуға және өзекті құқықтық мәселелерді нақтылауға мүмкіндік берді. Іс-шараның мақсаты — педагогтердің құқықтық сауаттылығын нығайту және Конституция мен қолданыстағы заңнама нормаларына саналы көзқарас қалыптастыру.