5-сыныпта «Қауіпсіз қоғам» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты – оқушыларға қоғамдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу және құқықтық сауаттылықтарын арттыру болды. Сабақ барысында оқушылар мектептегі, көшедегі, қоғамдық орындардағы, жол қозғалысы мен интернет қауіпсіздігі ережелері туралы мәлімет алды. Жағдаяттық тапсырмалар мен пікірталас арқылы қауіпсіз мінез-құлық дағдылары қалыптастырылды. Нәтижесінде оқушылар қауіпсіз қоғам ұғымын түсініп, қауіпті жағдайларда дұрыс әрекет ету жолдарын меңгерді. Қоғамдық тәртіпті сақтау және жауапкершілік құндылықтары нығайтылды. Сынып жетекшісі: Тынысбекова Ж. #адал_азамат