Тақырыбы: «Қауіпсіз қоғам. Мен сақ болсам – бәрі қауіпсіз» 16.02.2026 жылы 4 сыныпта «Қауіпсіз қоғам. Мен сақ болсам – бәрі қауіпсіз» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға қауіпсіз қоғам ұғымын түсіндіру, жеке қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызын ұғындыру және әр адамның жауапкершілігі арқылы ортақ қауіпсіз орта қалыптастыруға тәрбиелеу. Іс-шара барысында оқушыларға қоғамдық орындардағы, жолдағы, мектептегі және интернеттегі қауіпсіздік ережелері туралы ақпарат берілді. Төтенше жағдай кезіндегі әрекет ету жолдары түсіндірілді. Оқушылармен пікір алмасу, сұрақ-жауап, жағдаяттық тапсырмалар ұйымдастырылды. Сынып сағаты барысында оқушылар қауіпсіздік ережелерін қайталап, өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарау керектігін түсінді. Белсенді қатысып, өз ойларын еркін жеткізе білді. Қорытындысында оқушылар қауіпсіздік ережелерін сақтау – әр адамның міндеті екенін және «Мен сақ болсам – бәрі қауіпсіз» қағидасының маңызын ұғынды. Сынып жетекшісі: Байдаулетова А.И. Күні: 16.02.2026 жыл