«Өндіріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 6-сынып оқушыларына арналған "Лудомания - ғасыр дерті" тақырыбында сынып сағаты өтті. Іс-шара барысында оқушыларға ойынға тәуелділіктің мәні, оның зияны мен салдары түсіндірілді. Сынып сағаты кезінде балалар өз ойларымен бөлісіп, сұрақтар қойды. Шараның мақсаты – оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануына және салауатты өмір салтын ұстануына ықпал ету. Сынып жетекшісі: Жапаров А.Қ. #адал_азамат