Бүгін «Өндіріс ауылының ЖОББМ» КММ-де мектеп директоры Сатемиров Серік Кәрібайұлының жетекшілігімен ұжымдық жиын өтті. Жиын барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасы таныстырылып, педагогтар мен техникалық қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Негізгі мақсат — еліміздегі саяси реформалар мен конституциялық өзгерістердің мәнін ұжымға жан-жақты түсіндіру. Қатысушылар жаңа жобаның басымдықтарымен танысып, көкейдегі сұрақтарына жауап алды. #ӨндірісАуылы #БілімБеру #Конституция2026 #ЖаңаҚазақстан

05.02.2026
Просмотров: 47


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу