«Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» тақырыбында сынып жетекші Қалдыбек Айсана Бейбітқызы 11-сыныппен сынып сағатын өткізді. Сынып сағаты барысында оқушыларға интернеттегі қауіпсіздік, әлеуметтік желілерде жеке мәліметтерді қорғау, кибершабуылдардан сақтану, онлайн этика және цифрлық сауаттылық бойынша ақпарат берілді. Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға цифрлық ортада өздерін қауіпсіз ұстауға қажетті дағдыларды қалыптастыру және жауапты интернет қолданушы болуға үйрету болды. #адал_азамат

03.02.2026
Просмотров: 41


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу