«Буллингтен қорған!» «Өзім үшін де, өзгелер үшін де жауаптымын!» тақырыбында сынып жетекші Нурдхан Айнагүл 8-сыныппен сынып сағатын өткізді. Сабақтың мақсаты – білім алушыларға буллинг ұғымын түсіндіру, оның түрлері мен салдары туралы мағлұмат беру, өз құқықтарын қорғауға үйрету, өзара сыйластық пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Іс-шара барысында буллингтің психологиялық, физикалық, әлеуметтік және кибербуллинг түрлері түсіндірілді. Оқушыларға буллинг жағдайында қалай әрекет ету керектігі, көмек сұраудың жолдары, сенім телефондары туралы ақпарат берілді. Тақырыпқа байланысты бейнематериал көрсетіліп, жағдаяттық сұрақтар талқыланды.

19.01.2026
Просмотров: 46


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу