«Буллингтен қорған!» «Сенімділік - сәттіліктің кепілі » тақырыбында 5-сынып жетекшісі Тынысбекова Жансая сынып сағатын өткізді. Сабақтың мақсаты – білім алушыларға буллинг ұғымын түсіндіру, оның түрлері мен салдары туралы мағлұмат беру, өз құқықтарын қорғауға үйрету, өзара сыйластық пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Тәрбие сағаты кезінде буллингтің психологиялық, физикалық, әлеуметтік және кибербуллинг түрлері түсіндірілді. Оқушыларға буллинг жағдайында қалай әрекет ету керектігі, көмек сұраудың жолдары, сенім телефондары туралы ақпарат берілді. Тақырыпқа байланысты бейнематериал көрсетіліп, жағдаяттық сұрақтар талқыланды. #адал_азамат #булингкежолжоқ