«Заң және менің құқығым» атты бірыңғай интерактивті сабақ өтті Өндіріс ауылының жалпы орта білім беретін мектепте «Заң және менің құқығым» тақырыбында 6-сынып оқушыларымен бірыңғай интерактивті сабақ өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыру, заң талаптарын сақтау мен өз құқықтары мен міндеттерін білуге баулу болды. Сабақ интерактивті форматта өтіп, қатысушылар белсенді пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды. Жетекшісі: Жапаров А.Қ. #заңжәнетәртіп