«Еңбегі адал жас өрен» (Күзгі «Асар» қайырымдылық жәрмеңкесі аясында) Мақсаты: Оқушыларды адал еңбекке, ұжымшылдыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу; «Асар» дәстүрі арқылы бір-біріне көмек көрсету рухын жандандыру; Еңбек пен ізгі амалдың қоғамдағы орнын түсіндіру; Өз қолымен өнім жасап, сатуды үйрету арқылы кәсіпкерлікке баулу. Міндеттері: 1. Оқушылар еңбегінің жемісін көрсету (қолөнер, тағам, көкөніс, т.б.); 2. Табиғи өнімдерді пайдаланып экологиялық сана қалыптастыру; 3. Жиналған қаражатты мұқтаж отбасыларға немесе мектепке қажетті жабдықтарға жұмсау; 4. «Асар» дәстүрінің мәнін сахналық қойылым, өлең, көрме арқылы таныту. Іс-шара форматы: Күзгі асар жәрмеңкесі Оқушылар өз қолдарымен жасаған тағамдар, тосаптар, бұйымдар, суреттер сатады; «Адал еңбек – береке бастауы» атты бұрыш ұйымдастырылады; Қайырымдылық қорына үлес қосу. Ұйымдастыру кезеңдері: 1. Дайындық — топтарға бөлу, өнім түрлерін анықтау, жарнама жасау. 2. Жәрмеңке күні — киіз үй, күзгі безендіру, ұлттық тағамдар, қолөнер. 3. Қорытындылау — есеп беру, белсенді қатысушыларды марапаттау. ДТІЖО: ХОЛГАНАТ Д. #адал_азамат

20.10.2025
Просмотров: 69

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу