Бүгін мектебімізде бастауыш сынып апталығы аясында ерекше әсерлі, қызықты ашық сабақ өтті. 3-сынып оқушыларымен ағылшын тілі пәнінен "My Feelings" (Менің сезімдерім) тақырыбында сабақты Қабдрахманова Гүлзат өткізді. Сабақтың мақсаты — оқушылардың эмоциялар мен сезімдерді ағылшын тілінде дұрыс білдіруін қалыптастыру, сөздік қорын байыту және коммуникативтік дағдыларын дамыту болды. Мұғалім түрлі көрнекіліктер, сергіту сәттері, интерактивті әдіс-тәсілдер мен ойын элементтерін тиімді пайдалана отырып, балалардың қызығушылығын арттырды. Сабақ барысында оқушылар өз сезімдерін еркін жеткізіп, диалог құруда белсенділік танытты. Топтық жұмыс, сергіту жаттығулары және шығармашылық тапсырмалар оқушылардың тілдік құзыреттілігін арттыруға ықпал етті. Ашық сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан оң бағаға ие болды. Мұғалімнің шеберлігі мен оқушылардың белсенділігі — сабақтың сәтті өтуінің айқын дәлелі. Осындай мазмұнды сабақтар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, ағылшын тілін меңгеруге деген ынтасын оятады.