«Желідегі қауіпсіздік» челенджі “Өндіріс ауылының ЖОББМ”КММ оқушылары интернет кеңістігінде қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Желідегі қауіпсіздік» челенджіне белсене қатысуда. Челендждің мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің цифрлық сауаттылығын арттыру, интернет пен әлеуметтік желілерді дұрыс және қауіпсіз пайдалануды үйрету. Іс-шара барысында оқушылар жеке деректерді қорғау, кибербуллингтің алдын алу және онлайн ортадағы қауіп-қатерлерді тану туралы мағлұмат алды. Челендж балаларға тек интернетте ғана емес, өмірде де жауапты әрі сыпайы болуды үйретуге бағытталған маңызды қадам болды. #ЖелідегіҚауіпсіздік2025 #БезопасностьВСети2025 #ЦифрлықСауаттылық #ҚауіпсізИнтернет @orken_instituty