Бастауыш сынып оқушыларына электр тогы,қауіпсіздік шаралары турлы ақпарат берілді. Электр тогы дегеніміз не? Балалар, сендер су құбырынан судың ағып жатқанын көрген шығарсыңдар. Сол сияқты электр тогы дегеніміз – өткізгіш сымның бойымен электрондардың реттеліп қозғалуын айтамыз. Электр тогының пайда болуы үшін не қажет? 1. Электр энергиясының көзі – батарейка, аккумулятор немесе тоқ көзінің розеткасы.Көше бойындағы электр сымдарын орнатқыштар. 2. Өткізгіш сым – мыс сым сияқты. 3. Тұйықталған тізбек – яғни сымдар үзіліссіз жалғанып тұруы керек. Егер тізбек үзілсе, ток жүрмейді. Электр тогының әсерлері Электр тогының бізге байқалатын бірнеше әсері бар: Жылулық әсері – тоқ өткенде сым қызады (шамның жіпшесі жанады). Жарық әсері – электр шамы жанып жарық береді. Магниттік әсері – ток жүргенде магнит өрісі пайда болады (электромагнит). Химиялық әсері – мысалы, электролиз құбылысы Қауіпсіздік Электр тоғы пайдалы, бірақ қауіпті де болуы мүмкін. Сондықтан:Ылғал қолмен тоққа жақындамау керек. Тек мұғалімнің рұқсатымен тәжірибе жасау керек. Үйдегі тоқ көзіне абай болу қажет. ДТІЖО: Холганат Д.

26.09.2025
Просмотров: 55


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу