«АДАЛ АДАМ, АДАЛ ЕҢБЕК, АДАЛ ТАБЫС» АТТЫ СЫНЫП САҒАТЫ 2025 жылғы 2 қыркүйек күні Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға адалдық, адал еңбек және адал табыс ұғымдарын түсіндіру, олардың қоғам мен жеке адамның өміріндегі маңыздылығын көрсету, сондай-ақ жастарды адал болуға, адал еңбек етуге және әділ жолмен табыс табуға ынталандыру болып табылады. Оқушылар шағын топтарға бөлініп, адал адамға тән қасиеттерді талдап, еңбектің мәні туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, адал табыстың қоғамға және жеке тұлғаға беретін пайдасы түсіндіріліп, адалдық пен еңбектің адам өміріндегі орны мен маңызы айқындалды. Іс-шара оқушылардың бойында адалдыққа, еңбексүйгіштікке, әділеттілікке деген құндылықтарды қалыптастыруға ықпал ететіні сөзсіз. ДТІЖО: Холганат Д. #Адал_азамат

02.09.2025
Просмотров: 64


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу